Еркин Нуржанов - Махаббат сиякты

Скачать песню

Текст песни:

Отыр ем сауық құрып
Есікті қағып тұрып кірдің.
Мұңайып келіп едің,
Мені алғаш көріп едің, күлдің.

Жаным-ау, жарық айсың,
Білмейсің, танымайсың, кіммін.
Тапқандай жан жарыңды,
Ұнатып қалғаныңды білдім.
Неге күлдің?

Есімде қалатындай,
Ол кештің қауіпті еді-ай соңы.
Жоғалтып алатындай,
Құшақтап алыппын ғой сені.
Дұрыс емес еді...

Арман етіп ең нені
Шын сүймедің ғой мені, білдім.
Қайтер екен деп енді,
Жылап алғым да келді, күлдім.

Қалса да сезім жаурап,
Келер деп өзімді алдап жүрмін.
Сол жерде табысқанбыз,
Сол жерде танысқан біз
Тұрмын, неге күлдім?

Комментарии (0)

Добавить комментарий

Введите код: